Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  103


Автор: Сәруар Қамаева

ҰЛЫМА ХАТ

Бауыржан, айналайын амансың ба?
Бұл өмiр салар сенi талай сынға.
Қамығып, сәл ойланып отырарсың,
Анаңды сонда есiңе аларсың да.
Құлыным, өзiңдi ойлап толғанамын.
Толғанып, қағаз-қалам қолға аламын.
Ақтарсың ата-әжеңнiң сенiмдерiн,
Торғайдай сол бұтаға қорғаладың.
Көз iлмей, атыңды сан қайталадым,
Мұңымды ендi кiмге айта аламын?
Ажырап, күнiм, сенен қалам-ау деп,
Өмiрдiң жазы өткенiн байқамадым.
Өкiнбен ендi бүгiн өткенiме,
Жаз өтiп, қоңыр күзге жеткенiме.
Көктейтiн жалғыз шыбық отырғыздым
Белгi етiп өмiрiмнiң көктемiне.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу