Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  69


Автор: Сәруар Қамаева

...АЙ ДА ЖАҢА, ЖЫЛ ЖАҢА

Шаттандырып кәрi-жасты, ұл-қызды,
Мол қуаныш үлестiрген әр үйге.
Ақ пейiлдi, пәк көңiлдi, нұр жүздi,
Жаңа жылым ұқсайды жас сәбиге.
Күндер зырлап, ай өтедi, жыл келiп,
Мың құбылар табиғат та түрленiп.
Сәйгүлiктей сипатпайды сауырын,
Сол жүйрiкке жетпей қалып жүрмелiк.
Күндер жаңа, жыл да жаңа, ай жаңа,
Ақ мамықты жамылыпты айнала.
Қиял құсы шарықтасын, шалқысын,
Ағытылсын, жырдың жiбiн байлама.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу