Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  69


Автор: Сәруар Қамаева

БIР АУЫЗ СӨЗ

Бәрi бекер, дүниеде бәрi бекер,
Қуаныш та, қайғы да келер, кетер.
Шындығы бұл жалғанның - бiр ауыз сөз
Еттен өтiп, сүйекке барып жетер.
Бiр ауыз сөз жаныңды жадыратар,
Естiген құрбылардан жүрген қатар.
Артқыға жалғыз ауыз сөз қалдырсаң,
Демей ме жүрген жолың сайрап жатар.
Бiр ауыз сөз - қайғы-мұң жанға батар,
Күн шықпайды төбеңде, таң жоқ атар.
Бiр ауыз сөз - өтiрiк жан қинайтын,
Айла болып, арбалып арын сатар.
Бiр ауыз сөз - сүйкiмдi, сүйерiң де,
Бiр ауыз сөз - қасиет, киелiң де.
Алдыңғы бабалардың өсиетi,
Бiр ауыз сөз жүрекке түйерiң де.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу