Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  76


Автор: Сәруар Қамаева

«Ақын» дейдi аспандатып ағамыз

«Ақын» дейдi аспандатып ағамыз,
Жақсы сөзге сәл жадырап қаламыз.
«Тiлге жеңiл, жылы тиер жүрекке»,
Құдiреттi сөздi қайдан табамыз?
Өлең пiрi жүгiнемiн Абайға,
Қара сөзбен үлгi болған талайға.
Ай орнатып, Күн қондырар кеудеге,
Жыр дүлдүлi - ақын болу оңай ма?
Елiн, жерiн, табиғатын жыр еткен,
Жалғыз сөзбен қара түндi күн еткен.
Алмас қылыш, жарқылдаған семсердей,
Ақын сөзi шығу керек жүректен.
Өмiр жолын өрнектейтiн өлеңмен,
Сұлу сөзбен сыр толғайтын тереңнен.
Ақын атын алып жүрсем лайық,
Аға, сiзге өлең жазып берем мен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу