Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  82


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Құлазу

Келді көктем,
Елжіреп мен кеткемін,
Құшағына ап,
Құша құлап көктемім.
Нулы баққа,
Сырлы жаққа беттедім,
Тал-шынарым қарсы алды тек мені.
Келін – көктем лебі еппен тарайды,
Құраққа да, бұлаққа да қарайды.
Қайран өмір,
Сайран өңір арайлы,
От қыласың, жоқ қыласың сан ойды.
О, құдірет!..
Телмірдім көп бұл маңға,
Бұла күннен құлазумен тұрғанда.
Маңайларым,
Арайлы әнім тұнғанда,
Арзаннан ба?
Жалғаннан ба?
Шыннан ба?..


Жаз өтті де,
Аз өпті де демімен,
Бал - бұл етіп,
Қалды кетіп...
...Сонымен...
Күзбен бірге жүзден мүлде өң - рең
Тым ұзапты ә?!
Нулы баққа келіп ем...



Қараша 1999 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу