Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  86


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Бабаларға сыр немесе атажұртты аңсау

Құлақты бітеп заманның шуылы,
Дауылға айналды боранның суылы.
Түк емес екен қақаған қаңтар,
Тоңдырады екен адамның суығы.
Жұда боп елдің қамқоры жанынан,
Сахарам айырылды сал сері сәнінен.
Бағыты қалмаған бұлақ өмірге,
Салынды жанымды сан тоғытамын мен.
Қайдасың баба, қайдасың баба,
Жігерің шыққан айға, шыңға да.
Қаныңды шашты қара жауыздар,
Қапыда асырып айласын жала.
Аталып бір кез жақсы атың жаман,
Кезің жоқ көзге қақ қатырмаған.
Алыста емес Алатау – арман,
Іске асады ертең мақсатың бабам.
Сілкіне алмай сахараң жатыр,
Қазақтың күні жат әлемде тұр.
Тандыр боп жаным жүргенде шөлдеп,
Қамыққан көңіл қапаланды ақыры.


Өшкен жалының табылды мұз боп,
Өртеніп қайта табындық іздеп.
Ұрпағың шықты ұрандап мұнда,
Аласапыран күннен әділдік іздеп.
Айқасқан аңдып азаппен мүлде,
Биікке тартқан қазақпен бірге.
О, ғажап ылғи түсімде баба,
Күн кеткен жаққа бараттым неге?!.



17 қазан 1999 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу