Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  163


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Жел айдаған жапырақ

Тұр көңілім күзбен бірге талықсып,
Бірде мұңым үмітіммен алысып.
Бара жатты сезімімді ала ұшып,
Бара жатты бозғылт сағым жарысып.
О, даламның аласатып өкпегі,
Ораған мұң бала қыздың көктемі.
Көз алдымды иелеген көкпері,
Көрем алдан, содан қалған от па еді?
Мұң жүдетті, боз қайыңдар жылады,
Дір-дір етті, жапырағы құлады.
Құшып мені жатыр бәрі...
Тұр әлі
Уілінен айырылған ну әні.
Сары шымшық сүркейлене күледі,
(Мені бәлкім мазақ етті білемін).
Жел айдаған жапырақпен бағдарсыз,
Бірге жылап бара жатты жүрегім...



Қазан 1999 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу