Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  75


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Қинама мені

Не ғажап сезім арман сұраған,
Тірі жұмақтың бесігі ме екен?
Бір нәзік сәуле жалғады саған,
Махаббатымның көпірі ме екен.
Нажағай жанып, нөсерін төгіп,
Селт еткізіп тастайды мені.
Келеді қырсық кеселін теліп,
Тағдырдың қатты тастай жүрегі.
Көңілдің ашып бұла түндерін,
Төгейін саған толған сырымды.
Сезіп те болған шығарсың менің,
Өзіңе ғашық болғандығымды.
Кеудеме өзің көзіңді сал да,
Ашып көр бәрін...
Көп арман, мұңым.
Қинама мені,
Жолыңды талда...
Көрейін сосын не болғандығын...



5 наурыз 1999жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу