Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  915


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Әпекеме хат

Жан әпеке, менің асыл қормалым,
Сен нұсқадың арманымның жолдарын.
Дәуір жүгін көрмесем де қаңбақтай,
Сезінемін сағыныштың салмағын.
Жүр бауырың сағымдардан сыр қуып,
Тұла бойын арындаған жыр буып.
Бұла көзді бұлтпен сүртем бір шүйке,
Сенің бейнең жанарымда тұр күліп.
Мен барамын дабыл қағып ғасырға,
Жанар отым шағылады жасынға.
Қайық – арман мұхиттарға бет қойды,
Ғайып алдан жеткізер ме, расында?!
Жігерім де, тілегім де арлылық,
Мендегі сыр – мендегі жыр мәңгілік.
Бір күндері зәуге қадап туымды,
Шың басына қалдырамын таңба ұрып!!!



Қараша 1998 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу