Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  78


Автор: Ахат ӘШУҰЛЫ

Алтайым

Елі бар қуалаған жауын түріп,
Тұратын тек аспанға бәрі ұмтылып.
Қазақтың қасиетті қарт мекені,
Жайлаған тау-даласын қалың түлік.
Атамекен – Алтайым ырыс толған,
Алабың тау, қарағай, жынысты орман.
Қазынадай қалдырған бабаларым,
Қойныңа алтын менен күміс толған.
Өзенің – өмірімдей буырқанған,
Тауларың – рухымдай ұлы талғам.
Өн бойың – бабалардың жыры қалған,
Көлдерің – әжелердің нұры тамған.
Таң желінін тек саған идіреді,
Күн саған ернін алғаш тигізеді.
Армансыз аймалайды ақ тұлғаңды,
Батарда маңдайынан сүйгізеді.



Қараша 1998 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу