Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  61


Автор: Сәруар Қамаева

ӨЛЕҢ - ӨМIР, ДӨҢГЕЛЕНГЕН ДҮНИЕ...

Өлең – сиқыр, сөздiң дертi жабысқан,
Өлең – дария, ақылы асқан данышпан.
Өлең – өмiр, дөңгеленген дүние,
Өлең – тұлпар желмен ұшып жарысқан.
Өлең - қиял, рухы биiк ғарыштан,
Өлең – уайым, тұла бойды жанышқан.
Өлең – үмiт жүректердi жалғайтын,
Ынтық көңiл, от сезiмдер табысқан.
Өлең - бақыт, бұлттай жылжып көшпелi,
Өлең – уақыт, бiлдiрмейдi өткенiн.
Өлең – тағдыр, тоғысады сенiмен,
Сездiрмейдi сырт айналып кеткенiн.
Өлең, өлең – көгiлдiрiм, көктемiм,
Сенен өзге сенерiм де жоқ менiң.
Аялайсың, алдыма әкеп тартасың,
Жазым өтiп, қоңыр күздiң жеткенiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу