Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  93


Автор: Сәруар Қамаева

СӨЗ МАРЖАНЫН ТЕРЕМIН

Түн ортасы, ояумын,
Тыншытпады қаяу-мұң.
Көңiлге кiрбiң түсiрсем,
Айып етпе, аяулым.
Арман едiң, биiк ең,
Аялап әндi сүйiп ем.
Жан дауасын таба алмай,
Жаралы болған киiк ем.
Өзiңе өлең үйiп ем,
Жыр жиhазын жиып ем.
Маржан терiп, ой өрiп,
Сөзiңдi терең түйiп ем.
Ұстадым қалам жасқана,
Сыр ашпадым басқаға.
Тiрлiктегi тiрегiм,
Өлеңiм, менi тастама!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу