Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  71


Автор: Сәруар Қамаева

ЖЕТПЕЙ ҚАЛҒАН ЖЕТПІС ЖАС...

(Академик Рымғали Нұрғалидың рухына)
Жетпей қалған жетпісің
Соңыңнан қуып жеткен бе?
Жасындай жарқ еткізіп,
Аспаннан нұрын төккен бе?
Келер деп, аға, күтіп ек
Құстармен қайтып көктемде.
Көктем де өтті, жаз келді,
Көрмедік мүлде жүзіңді.
Мекендеп қалдың тар жерді,
Жат елде демің үзілді.
Мүрде боп келді мүсінің,
Жанарға моншақ тізілді.
Көз жасы көлдей құйылды,
Азалап жұртың жиылды.
Ойсырап қалды орының,
Ғұмырың сәтте қиылды.
Жетпей қалған жетпіс жас
Жер астына бұйырды.
Тоқтады да жүрегің,
Түстің бейне қалыпқа.
Кеше ғана тірі едің,
Еттің қызмет халыққа.
Ірілердің бірі едің,
Қалай сыйдың табытқа?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу