Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  74


Автор: Сәруар Қамаева

ІЗДЕП ЕДІМ

Оралтып дәуреніңді бозбалалық,
Қондырдым қиялыма бозбала қып.
Өкінішті көп өмір кеткені өтіп,
Арада талай уақыт озғаны анық.
Жаныңа жете алмап ем жанасалап,
Жарасуды жүрегімді қаласа да.
Жылдардың жылғасында жолықтырған,
Таң болып тұрмын тағдыр-тамашаға.
Айып па, аға, сізді іздегенім,
Жіңішке жолдан өтпес қыз дегенің.
Жарқ еткен жастық дәурен жалғасындай,
Жеткізді біздерге де күз дерегін.
Ой өлшеп, жыр маржанын тізбеледім,
Айдында сыңар аққу жүзген едім.
Сарғайған жапырақтар арасынан
Көгілдір көктемімді іздеп едім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу