Өлеңдер ✍️

  06.09.2022
  129


Автор: Дихан Қамзабекұлы

ӨМІР ӨТІП ЖАТАДЫ

Өмір өтіп жатады
Секөнт, минөт, сағаттап.
Бір қалыпта жылжиды,
Секірмейді, тағаттап.
Мезгілінсіз күн батып,
Тағы да жоқ таң атпақ.
Күн құралып, ай толып,
О да өтеді қабақтап.
Ай жиылып, жыл толып,
Өмірді ұрлар қарақтап.
Мұны білсең баладай
Шаба берме далақтап.
Түзу жолды таңдап ап,
Түбіне түс сабақтап.
Қисық жолға түспеңдер,
Біріңді-бірің қарақтап.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу