Өлеңдер ✍️

  05.09.2022
  701


Автор: Кенжебек Сержанұлы

МАХАМБЕТ ПЕН ИСАТАЙ!


Қара қазан, сары бала қамы үшін
Көктесін деп ұрпағының бағы шын
Жанын қиған Исатай мен Махамбет,
Жан беруге дайын тұрған ар үшін.

Озбырлардың сетінеткен дәрменін,
Жауларының тентіреткен дәуренін.
Жебе сынды ысқыра ұшқан жырлары,
Қақыратқан тас түнекті сәуле қып.

Ел жадында қос абызым мәңгілік,
Атын қостым өлеңіме ән қылып.
Мұң мен шерін, қос батырдың жеңісін,
Еске алғанда, тарих сөйлер жаңғырып.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу