👈 қаріп өлшемі 👉

  05.09.2022
  240


Автор: Кенжебек Сержанұлы

Соғыс...


Соғыс... Осы бір сөз адамзат баласын осы күнге дейін қобалжытып, қорқытып, лағынет атқыр, терісінен кіріп, сүйегінен өтіп шығатыны бәрімізге етене белгілі. Осы сөздің өзі де бір оқ сынды. Әлем жаратылғалы бері, әлемде жер үшін, адам үшін, байлық, мансап, т.б. болмашы нәрселерге соғыс болып келген емес пе?
Өзіміздің ұлытымызды алып қарайтын болсақ, Алла Тағалам сақтағай, ешбір соғыс болып көрмеген. Тіпті ақыретке дейін Я, Аллаһым болмай өтсінші... Бірақ сонау ата-бабамыздың мезгілінде болған жоңғарлармен, қалмақтармен болған шайқасты атап өтпей кетпейсің.
Бергі 20-шы ғасырды алсақ, 70 жыл бойы Кеңестердің қатал өмірінде, қатал тәртібіне көніп келдік қой. Қандай қиын десеңші. Ғасырға жуық жарты ғасырдан астам жылдарға төтеп беріп, қоластында бүгіп келгеніміз тарихтан адамзат баласына аян. Әкеміздің әкелері кешегі көрген Ұлы Отан соғысының өзінде біраз қандас бауырларымызды жоғалттық...
Қаншама қаһарман батырларымыз тасжүрек жауларға ұмтылды, барыншы күресті...
70-жылға жуық уақыт өте берісімен қазақ ұлты өзінің дербес Тәуелсіздігін жария етіп, бүкіл әлем халқына өзінің кім екенін мойындатты... Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен баға жетпес ерен еңбегі арқасында қол жеткіздік. Әйтепесе, жүре берер ме едік... Кім білсін...
Біздер осынау ата-бабаларымыз білектің күшімен, найзаның ұшымен, күресіп, қорғап, ұрпағына аман етіп кеткен сары даланың иесіміз. Қазір әлемде түрлі қалаларда болып жатырған адам көргісіз, не айтқысыз алапат соғыстарды теледидар арқылы көргеніңде еріксіз көзің жас алып, жазықсыз тұрғындардың, шырылдаған сәбилердің, панасыз қалған, қаңырап жүрген қара халықты көргенде қатты езілесің, қайғырасың. Бейбіт ғұмырды армандап кеткен бабаларымыздың ұрпақтары біздерде мәңгілік бейбітшілікті қалап өтеміз.
Ирак, Сирия т.б. елдерде күніге, минут сайын оқ атылып, аспандары көк түтінге боялып жатыр. Тіпті соғысып жатқандарының өздері не үшін соғысып жатқандарын бір сәтке ойламайды. Екі ортада күнәсіз адамдар өмірімен қош айтысып жатады... Осындайды көре тұра қатты қайғырасың. Қазір дінге деген көзқарас әркімнің өз қалауынша болып кетіп барады. Дінді қалай болса солай түсінгенінше орайластырып жатады. Бұлай болмайды ғой. Қасиетті де Ислам дінімізді кейбіреу бауырларымыз түсінбестен атына кір келтіріп жатыр. Жиһад, тероризм, экстремизм деген пәлекеттерді ойдан құрастырып, тыныш жатқан пендеге зиянын молынан тигізіп келеді.
Я, Аллаһым өзіңнен жалбарынып тілеріміз, әлемде ешқандай соғыс болмасыншы. Бабаларымыз армандап кеткен Тәуелсіз елімізге берік қылуды нәсіп етші. Әлі күнге дейін түсіне алмай жүрген бауырларымыздың жүрегіне иман келтіргейсің. Сен күллі әлімді жаратушы иесісің. Тек сенен сұрарымыз Қазақ елімізді, әлемімізді аман сақтағайсың. Бүкіл әлем халқы саған сыйынады... Сенен тек соғыс болмауын тілеп, бейбітшілікті еселеп жазуды өле-өлгенше сұрайды....

© Кенжебек СЕРЖАН
Астана қаласы.
11.12.2015ж.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы