Өлеңдер ✍️

  05.09.2022
  185


Автор: Жандарбек Жұман

Өтірік өлең

Мені жалғыз қалдыршы өтінемін,
Дәл осындай шешімге бекінемін.
Өз жолыңды таңда да,кете берші,
Сені сүйгендігіме өкінемін!

Жырақтарға жол тартып,жоламағын,
Сезіміңнен қайғы мен сор аламын.
Қасымнан табылмасаң-қуаныш қой,
Өзіңсіз де бақытты бола аламын!

Қиялымның түндігін түреді өлең,
Сенсіз де өмірімді сүре берем.
Ешқандай хабар күтпей өзің жақтан,
Өз алдыма мәз болып жүре берем!

Келбетіңді есіме алам қалай?
Ұмыту-саған да оңай,маған да оңай.
Мазалауды доғарып,үндемеймін,
Сен де жүргін жолыма алаңдамай!

...Шын бақытқа,шырайлым,бөле мені,
Басқалардан орының бөлек еді.
Жоғарыда жазылған сөздеріме
сенбеші! Бұл-ӨТІРІК ӨЛЕҢ еді!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу