Өлеңдер ✍️

  04.09.2022
  90


Автор: Жандарбек Жұман

Қайран,Тіл!

Қайран,Тіл!
Жасаудамыз «лас» күнә біз,
Шұбарладық...
Төгеміз жасты нағыз.
Арым едің...Безінді көбі арынан,
Жетімсіреп тұр қазір бас мұрамыз.

Қайран,Тіл!
Ахуалыңнан зар ұғармын,
Лайланды тұнығың...
Жабығармын!
Өз жерінде талайы тұмар етті,
Сасып кеткен сөздерін «сарылардың».

Қайран,Тіл!
(Саған уақыт қиятын кім?)
Сенсіз нашар болады күйі ақылдың.
Ақ сүтімен Анамның дарыған соң,
Баспалдағы өзіңсің ұятымның!

Қайран,Тіл!
Жеткізесің ойымды асқақ,
Сен болмасаң сананы уайым баспақ.
Өзінің ана тілін білмегендер-
Анасын жібергендер айырбастап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу