03.09.2022
  181


Автор: Арман Тосқанбаев

Сәттілік пе, тынымсыз еңбек пе?

 

Марғұлан Қалиұлы, келесі сұраққа қатысты пікіріңізді білсем деп едім:

Көптеген кәсіпкерлер, әсіресе Америкада, табысты кәсіпкер болу үшін (Маск, Безос және т.б. сияқты),  - "work very hard", яғни көп жұмыс істеу керек дейді. 

Сіздіңше, бизнес "work very hard"", яғни тәулігіне 18 сағаттан артық жұмыс істеу ме?

Марғұлан Сейсембай: 

Бұл — кеңінен таралған қате түсінік, байлар мен табысты кәсіпкерлер құптайтын миф. Өйткені, олардың ешқайсысы жай ғана жолдары болғанын мойындағылары келмейді. Ғылымда оны "аттрибуция қателігі" деп атайды. Яғни, адам "бар жетістік пен жеңіске өзім жеттім, ал сәтсіздіктер мен қателіктер сыртқы себептердің салдары" деп қарайды. Ал басқа адамдарға қатысты, - керісінше. 


Тынымсыз еңбектің арқасында сіз дәулетті адамға айналасыз. Бірақ, жетістікке жету үшін сәттілік қажет. Сондықтан, мынаны ескерген жөн:

1. Ештеңеге мұқтаж болғың келмесе, талмай еңбек ет.

2. Молшылықта өмір сүргің келсе, тиімді еңбектен. 

3. Бай-қуатты болғың келсе, сәттілікті пайдаланып үйрен. 

4. Шалқып өмір сүргің келсе, сәттілікке жағдай жаса (жүйелі сәттілік).


Келісесіз бе?



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу