03.09.2022
  154


Автор: Дихан Қамзабекұлы

Білім

Білім ауысады,
Ырыс жұғысады.
Ақыл –дария,
Ой – теңіз.
Білім гауһар – бағасы жоқ,
Надандық кесел – дауасы жоқ.
Түстік өмірің болса,
Кештік білім жи.
Білмесең үндеме,
Білгенді күндеме.
Қына тасқа бітеді,
Білім басқа бітеді.
Өз білмегеніңді кісіден сұра,
Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
Білім арзан, білу қымбат.
Екпей егін шықпас,
Үйренбей білім жұқпас.
Наданмен дос болғанша,
Кітаппен дос бол.
Оқымаған бір бала,
Оқыса екі бала.
Ұстаздан шәкірт озар.
Алтын алма, білім ал.
Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір
Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі
Білімді өлсе,
Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе,
Істеген заты қалар.
Өнер – ағып жатқан бұлақ,
Ілім – жанып тұрған шырақ.
Білімді бесіктен тесікке дейін ізден.
Оқу инемен құдық қазғандай.
Ойнада күл,
Оқы да біл.
Білімдіге дүние жарық,
Білімсіздің күні қаріп.
Көргеннен көрмегенін көп.
Білгеннен білмегенің көп.
Білім алып құрасын,
Еңбек етіп сұрасын.
Біреу білмегеңді, біреу білер,
Біреу жылайтынға, біреу күлер.
Туа білмейді, жүре біледі.
Білімдіден ақыл шығар.
Ақылды қарттан нақыл шығар.
Қарғыстың ең жаманы:
Өзің білме, білгеннің тілін алма.
Қой асығы демей-ақ
Қолыңа толса, сақа тұт,
Жасы кіші демей-ақ
Ақылы асса, аға тұт.
Қолдағы бар алтынның қадірі жоқ
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Сақтықты соқырдан үйрен,
Кішілікті түйеден үйрен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу