Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  74


Автор: Дихан Қамзабекұлы

АШЫЛМАС ЕЛ НАЛЫТПАЙ ЕРДІҢ БАҒЫ

Ашылмас ел налытпай ердің бағы,
Тазармас дүние көрмей көңіл ағы.
Дариға, сүйтем деген мұратына,
Талапкерің иықты жігіт шағы.
Сыналып сырды білген бір жан болмай,
Кеміп жүр ажарымның сынып сағы.
Аһ ұрам еске түссе, ғазиз достар,
Әркімнің өз мекені – сайран бағы.
05.10.1932 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу