Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  66


Автор: Дихан Қамзабекұлы

НҰРЛЫ КӨЗІҢ

Нұрлы көзің,
Сырлы сөзің,
Тартты мені алыстан.
Түссін-түссін,
Сенің үшін,
Ойла, асыл зат, данышпан.
Басымды іиіп,
Жанып-күйіп,
Келіп тұрмын алдыңа.
Ақ маңдайлым,
Айналайын,
Бір қарашы сорлыңа.
Ырысымсың,
Тынысымсың,
Сенсіз маған күн қараң.
Мәз қыламын,
Наз қыламын,
Сен – қарындас, мен – ағаң.
Ағам едің,
Алаң едің,
Көрінгенге көзіңе,
Билетемін, илетемін,
Қалай нанып сөзіңе.
Нан, қарағым,
Ал барамын,
Кет десең, мен өлімге.
Бір сен үшін,
Бір тең үшін,
Өлген өлім өлім бе?
«Өлме, өлме,
Ағам сен» де,
Бердім иман мен тәнімді.
Амалым жоқ,
Қауіпім көп,
Ашсын Тәңірім бағымды.
Ағам едің,
Панам едің,
Қиындыққа қорғалар.
Көрмей көптен,
Қайғы дертпен.
Көзден жасым сорғалар.
Не деп едім,
Не демедім,
Қоймап едің ерікке.
Саттың ба әлде,
Таптың ба әлде,
Мен жарамай серікке.
Жас тілекті,
Жас жүректі,
Тілім-тілім қыласың.
Досым болып,
Өшің болып,
Деп пең әлде жыласын?
Бейсембеттен
(Бейсембіұлы Баймұқамбет болар.– Құр.)
15.05.1932 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу