Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  266


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ҚЫЗДЫ АУЫЛҒА ҚЫРЫНДАП...

Мерей, деуші ек күн барсақ, түн барсақ та,
Жолығудан кейде біз құр қалсақ та.
Әдеппенен әзіл айт, құрбыларым,
Қыз кезіңде, «қыр аспай» тұрған шақта.
Еркеш Құрманбекқызы:
«Көгілдір аспан көк теңіз»
Әңгімемді сөкпеңіз.
Сөксеңіз көз алайтам.
Сауық кеште толғанып
Гитарамды қолға алып,
Американша ән айтам.
Ләззәт Игісін:
Жігіттерге тым сенбе,
Ол мергендер атады.
Өзім күліп жүрсем де,
Жүрегім жылап жатады.
Себебін анық білсем де,
«Жалғыздығым» батады...
Бәтима Зекенқызы:
«Айлы түнде» мөлшерледім қай тұсты,
«Бозторғайым» сезімдермен айтысты.
Жалғыз қалдым «Жағасында өзеннің»
Менің сүйген геройыма жай түсті.
Әсемқан Ғибадатқызы:
«Қара кемпір...» символы жылаудың,
Соны орындап тамам жұрттан бата алдым.
Зәузәтімін Ақтамберді жыраудың,
Әулетімін Майлықожа атамның.
«Термелерді» шалғай жерге апардым,
«Лирикалық ән» дегенге қаталмын.
Шәкура Мұқанқызы:
Би өнерін тастап кеттім бұл күнде,
Мен Шәкура Мұқанқызы, білдің бе?
Араладым қазақ, ханзу ауылын,
«Түйе киік» таспасына міндім де.
Әмина Еркешқызы:
Тез жаттаумен байыттым сөз қорын да,
Дикторлықпен мен елге кәделімін.
Теледидар тетігі өз қолымда,
Әдемімін, құрбылар әдемімін.
Бәрі назар салса екен дәмелінің.
Гүлден Мүлікқызы:
Сахнада айтыстан тайынбағам,
(Ей, құрбылар белгілі жайың маған)
Бейімделгіш сырымды біліп алып,
«Төстің басын...» қу жігіт дайындаған.
Риза Қайырбайқызы:
«Гүлсім- ай, гүлсің- ай,
Сағындырып жүрсің- ай!»
Риза, қайда барасың.
Екі ортада тұрсың-ай.
Асқақ екен өз әнім,
«Батысшасы» құрысын-ай...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу