Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  322


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

БАБАЛАР РУХЫ – ҰРАНЫМ

Ешкіммен енжар болмаған,
Еліме бақыт орнаған.
Айналдым батыр бабалар,
Жерімді жаудан қорғаған!
Ұлтымның өршіл ұрпағы,
Ерліктің әнін шырқады.
Арайлап атсын қашанда,
Қазақтың бақыт нұр таңы.
Ұлтыма қонған дара бақ,
Әлемді кетті аралап.
Бабалар жолы ғаламат,
Біздерге мәңгі аманат.
Жәнібек бабам, ер бабам,
Ерліктен енші бер маған.
Қазақтың бақыт бесігі,
Бабамнан қалған кең далам!
Даламның байтақ кеңдігін,
Мақтаныш етем мен бүгін.
Қазіргі ұрпақ жалғасын,
Бабаның қайсар ерлігін.
Жақсыға жар боп жарастым,
Арманның шыңын ары астым.
Елімді нұрға бөлесін,
Қаһарман рухы алаштың!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу