Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  76


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ТАҢ СӘРІ

Таңғы тілек тамаша асыл әнім,
Шартарапқа шуақтай шашырадың.
Таңғажайып таң сәрі тамылжыған,
Қарсы алуға өзіңді асығамын.
Қайырмасы:
Таң атады күліп,
Бағында бұлбұлын сайратып.
Күн батады күліп,
Жерімді алуан гүл жайнатып.
Таң сәріден бастайын бақ күнімді,
Таңғы нұрмен өлшейін пәктігімді.
Тамылжыған таң сәрі ала келші,
Арманыма жол салған шаттығыңды.
Қайырмасы.
Аңсап күттім арайлы шапағыңды,
Жақсылармен толықтыр қатарымды.
Ертеңгі бақытыма жету үшін,
Таң сәріден бастайын сапарымды.
Қайырмасы. 2 рет




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу