Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  75


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

МЕЗГІЛДЕР-АЙ

Мезгілдер-ай, сынаптай сырғақтаған,
Кім бар дейсің жастығын ұрлатпаған?
Жасаңды ауыл, сағындым жаз айыңды,
Бұлағыңның сыңғырын тыңдат маған.
Мезгілдер-ай, сынаптай сырғақтаған,
Өтті, кетті уақыт тіл қатпаған.
Құлын-тайдай тел өскен құрбылармен,
Күндер қайда, ән айтып, жыр жаттаған!?
Мезгілдер-ай, сынаптай сырғақтаған,
Құшағында бақыттың құндақтаған.
Жастық дәурен, алыстап қайда кеттің?
Бөркімдегі үкідей бұлғақтаған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу