Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  81


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

БАЙТАҚ ЕЛІМ – БАҚЫТЫМ

Жанат өлкем, жайнаған жасыл далам,
Көк аспанын көлеңке жасырмаған.
Айбарына басқаның бас ұрмаған,
Асқар шыңы намыстың асыл бабам!
Қайырмасы:
Арманшыл ұрпақ бүгінгі,
Асырсын қазақ даңқыңды.
Ұмытпай ана тілімді,
Сыйласын ата салтымды.
Көк туымыз желбіреп ғажап бүгін,
Әйгіледі елімнің азаттығын.
Асқақ шырқап әсем ән, ләззат жырын,
Ата жұртқа жиналды қазақ бүгін.
Қайырмасы:
Еліме сыйлап шаттығын,
Арайлап атты таң күліп.
Сағынтып жеткен бақ күнім,
Баянды болсын мәңгілік!
Мұратына ұрпақтың жалғап қолын,
Келер күндер сыйласын арнап төрін.
Қырандарым қорғасын шарлап көгін,
Сен аман бол, байтақ жер, ардақты елім!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу