Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  109


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ШАҚАНТАЙ – ШҰБАРТАУ

Жақұт жырдан моншақ тердім – Шұбартау,
Жорықтарға жол сап келдің – Шұбартау.
Көрейін деп, алтын бесік мекенді,
Алыс жерден аңсап келдім – Шұбартау.
Күн күлімдеп нұр төккен жер – Шұбартау,
Бізді үлкен жұрт еткен жер – Шұбартау.
Ата-бабам керегесін кең жайып,
Әжелерім күл төккен жер – Шұбартау.
Кие болып қыран қонған – Шақантай,
Келешекке жыр-ән болған – Шақантай.
Басын алып Айтауыр
мен Чоорғаның,
Ұрпағына ұран болған – Шақантай.
Ошағының оты лаулап жанбаса,
Даңғазаға толған тірлік далбаса.
Шұбартауда шұрқырасып өсер ме ек?
Бір Шақантай он үш әйел алмаса!
Қойша өрген кермарал мен ақбөкен,
Дағандел мен Қарауыл төбе бақ мекен.
Қабанбайдың қарындасы Жаңылдың –
Мейіріне бабам қалай батты екен!
Қызығатын, қызғанатын жат бөтен,
Саңлақ ұлдың бар сапары сәтті екен.
Қалмақ қызы Еңке сұлу арудың,
Балтырынан Шақаң неге атты екен?!
Шақантайым жаудан олжа алған жер,
Уәйістің
кіндік қаны тамған жер.
Шын достығы Абай менен Бегештің6,
Алғыр ойлы ұрпағына арман жер.
Жау қырғанда тірі тұқым ауылдан,
Бәйжігіттің
күйі тұнып қалған жер.
Киіз үйдің желпілдетіп түндігін,
Біржан бабам асқақ әнге салған жер.
Ұшан-теңіз Мағауиннің білімі,
Барша жұртқа оқулық боп барған жер!
Мәңгілік боп қалған күндер мәнді екен,
Мезгіл өтсе сезілмесін сәл бөтен.
Шақаң мінген Нарқызыл мен Беренкөк –
Тұлпарлардан қалған тұяқ бар ма екен? ауылда тірі қалған жалғыз
бала, кейін атақты күйші болды.
Шынықтым мен жауын менен дауылда,
Сырымды айтам ағайын мен бауырға.
Үш жүз жыл бұрын Шақантай батыр туған жер,
Қырық жыл бұрын мен де тудым Сауырда.
Мерейлері үстем болса ұл-қыздың,
Несібемізді қызғанады кім біздің?
Батыр бабам Шақантайдың рухына,
Ұрпағы боп жыр мұнара тұрғыздым.
Байтақ өлке нұр таңынан айналдым,
Тұлпарынан, сұңқарынан айналдым.
Разы еткен өлі менен тіріні,
Батыр елдің ұрпағынан айналдым!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу