Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  800


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

САМҒАРДЫҢ СҮНДЕТ ТОЙЫНА

Жас өркендер айырылмай намыстан,
Жүйрік болсын уақытпен жарысқан.
Осы тойда сапар шегіп кетіп ем,
Хат жазуға тура келді алыстан.
Жолы ашық жаны жайсаң жандардың,
Бұл өмірден мен осыны аңғардым.
Дүлдүл атын мінген екен Қамбардың,
Сүндет тойы құтты болсын Самғардың.
Тойшыл қауым әнмен таңды атырсын,
Сен өйткені бар қазаққа жақынсың.
Азия мен Еуропадан туыс кеп,
Алматыны дүбірлетіп жатырсың.
Ау, Ғылымхан, ірі тұлға, інімсің,
Бақыт келін, таусылмайтын жырымсың.
Қали ағам, Айшан жеңгем аман боп,
Немерелер балапандай шұбырсын.
Ұрпақтарың барын елге арнасын,
Құшағымен көк пен жерді жалғасын.
Самғарымыз сәйгүліктей самғасын,
Зеңгір көкті самұрықтай шарласын!!!
Туыстарым, шаттығыңнан шаршама,
Амандықтан басқа бақыт аңсама.
Самғарымды сыйлап келген ел-жұртым,
Рахмет, рахмет баршаңа!!!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу