Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  60


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ӨЗІМНЕН ӨЗГЕГЕ

Еңбектеумен өтті де еселі күн,
Содан бері түнеріп ашылмаймын.
Бұл өмірдің мес қарын мешелімін,
Өз мінімді өзгеден жасырмаймын.
Шикі өмір паңдықты тез бердің де,
Тыңдамадым мұң-зарын соры бардың
Самұрық, бүркіт тегімнен өзгердім де,
Түнде ұшқан жарқанат болып алдым.
Балаңмын деп алдасам баяғыда,
Күлше беріп қуанды көрші қатын.
Содан бастап қан түсіп аяғыма,
Арман шыңым құлады мен шығатын.
Жайың бар ма ақылмен артатұғын,
Қайран бабам осылай десе бүгін.
Жүйріктерді тізгіннен тартатұғын,
Әдеті көре алмастар көсемінің.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу