Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  59


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ӘНІҢЕ САЛШЫ

Әніңе салшы, қарағым,
Сен әндетсең телміріп қалады екен,
Қоңыр аңы даланың.
Әніңмен жаз, орнын ескі жараның.
Рұқсат етші, жалғыз ғана талабым
Азырақ жылап аламын.
Әйтпесе, қасіретімнен
Ішқұса боп барамын.
Әніңді шырқап жақында,
Бірақ әсте тез өткінші сезімнің
Көшкен бұлтын шақырма.
Көз алдымда нажағай боп шатырла,
Қажеті осы ақынға.
Мені сен ойға батыр да,
Қайта келіп көз жасымды,
Әніңмен сүртші, мақұл ма?
Даламның иісі тұр аңқып,
Қайтесің оған бола
Жүдеу жүзге кіна артып.
Жүрмін қазір жүрегіме жүк артып.
Сендей боп өсер шынар тік
Сенің әнің құр байлықтан мың артық.
Көзімнің алды шұбартып
Жан дүнием мұнартып
Тұтқын болдым тұнық әнге құмартып!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу