Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  119


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ТАУ

Тау дегенде көп істер келеді еске,
Жетелейді әр ойлар көп елеске.
Батасын бабам берген «Таудай бол» деп
Сол тектінің ұрпағы мен емес пе?!
Таудай асқақ қазақтың ұлы арманы,
Тау жаңғыртқан ұлтымның ұрандары.
Көл-көсір көңілімді толқытады,
Тау жолында көштердің шұбалғаны.....
Тауларым өршілдікті беріп маған,
Ғажайып аңыздарға еріп барам,
Асқарыңнан қарасам айналама,
Серпіліп ауыр ойдан кеңіп қалам.
Менің қаным тау суы сарқылмаған,
Ұлы тау менің абыз жарқын бабам.
Қарағайдай қайсармын тауымда өскен,
Мінезім тау самалы аңқылдаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу