Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  74


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ЕСКЕРТУ

«Жақсының білмесең қадірін,
Жаманнан тартарсың жазаңды....»
Достықтың қуратсаң тамырын,
Жауыңнан табарсың ажалды.
Момынға басынсаң қорсынып,
Ел қазар үйіңнің іргесін.
Күні ертең сенен де зор шығып,
Сағыңды сындырып жүрмесін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу