Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  138


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

УАҚЫТ – ӨМІР

Жаралмаппын адам болып теп-тегін,
Бар екен-ау, сары күз бен көктемім.
Жадырасам жаз күніне масайрап,
Қыңыр қыстың қысымдарын сөкпедім.
Бой таласар бәйтерек боп бір шыбық,
Ол да қурар тамырлары қыршылып.
Жаңа тозып, жас қартайып әйтеуір,
Өтеді екен тізбектелген тіршілік.
Жүргенім жоқ уақытты билеп мен,
Жырынды ғой өмір шалма сүйреткен.
Адуын мен азулының барлығын,
Уақыт – өмір жуасытып үйреткен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу