Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  79


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

ӘН

Көп сырды тұлғасына ән жиыпты,
Ән көрсеткен біздерге әр биікті.
Сол әннен естігенбіз талай-талай,
Шаттықты, сағынышты, зар-күйікті.
Болғандай бүгін шаттық, бұрын қайғы,
Егіз үн талмаусырап ыңылдайды.
Ауған елдің «Елім-ай», «Ағажайын»
Естісең сай-сүйегің шымырлайды.
Жүрекке шемен орнап қалса-дағы,
Ғазиз жүрек зарланып ән салады.
Мың қайғыны бір әнге сыйдырыпты-ау,
«Атыңнан айналайын Қарқаралы».
Әнмен егіз өссін деп жан баласын,
Арнадым жүрегімнің жарнамасын.
Аспан жердің арасын жалғастырған,
Талмасын – деп тілеймін ән қанатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу