Өлеңдер ✍️

  03.09.2022
  67


Автор: Қайрат Құлмұхаммед

АЗАМАТ АРМАНЫ

Мейірін төгіп шат заман,
Ақаусыз боп ержеткем.
Еліме сонда мақтанам,
Танылсам егер еңбекпен.
Қажырлы болсам табанды,
Қарсы алсам бақыт таңдарын.
Азамат болсам қалаулы,
Міне бұл асыл арманым.
Мәуелеген шынардай,
Өсіп-өніп келемін.
Қажетті болсам бұраудай,
Бақыттымын дер едім.
Жүрегіммен білемін,
Ұлым деп мені тапты анам.
Туған ел сенен тілерім –
Зіл жүгіңді арт маған!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу