Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  149


Автор: Жанат Әскербекқызы

Қып-қызыл боп батты күн...

Қып-қызыл боп батты күн...
Басылғандай аптығым.
Қызыл күннің көзінде
Қызыл шоқ боп жатты мұң.
Ұясына қонды күн –
Шоқтай болған сөнді мұң...
Елпілдейді екінді –
Есіркейді енді кім...
Ұясына кірді күн –
Айтпай сырдың мың бірін.
Бірі ғана белгілі –
Алдап кетті кімді кім...
...Тыншымаспын түн келмей,
Сынықсимын сыр бермей...
Қып-қызыл күн тауға емес
Жанарыма сіңгендей...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу