Өлеңдер ✍️

  02.09.2022
  77


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көмейінде тұншығып сылқым әні...

Көмейінде тұншығып сылқым әні,
Періштемнің көзіне мұң тұнады.
Ал, сен болсаң армандап тұрдың ба екен
Мәрмәр мүсін аруды ұйқыдағы...


Ол ару да төсекте бұлқынады,
Қолаң, қою шашы да қырқылады.
Мүсінімен қимылсыз тұрса дағы
Қиялымен өзіңе ұмтылады.
Сан мың жұлдыз гауһардай құлпырады,
Әне, кетті жарық бір нұр құлады.
Абайламай қалдық-ау, айтшы жаным,
Арман атты биіктен кім құлады?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу