Өлеңдер ✍️

  01.09.2022
  293


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Есіңде ма?

Есіңдеме? маған айтқан сөздерің


Күлімсіреп маған қуат бергенің, 


Айыра алмай бірімізден-біріміз 


Бар өмірдің тек қызығын көргенін. 


Қайда бәрі, қайда кетті алтыным 


Көрінбейді қалай ұшты бақытым, 


Танымаймыз бірімізді біріміз 


Көріссекте, Алматыда енді күз. 


Жүзің суық қарамайсың арайлы


Күлкің неткен неге бәрі қарайды? 


Сөйлеспедік бірімізбен-біріміз


Үнсіз көзбен еркелетіп қараймыз, 


Қанат жалғап өткен шақта ертеде 


Енді өзің кесіп алдың келдіңде, 


Арманыңа жеттіңба менің асылым 


Бақытты болып кеттіңба


Айтшы жан сырым, 


Кездестірсең тағы бір рет қаладан, 


Жалғыздықпен қол ұстастым қайтадан


Сыңары жоқ қанжар салынған жүрекке, 


Басқа ару келмейді енді жаңадан.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу