Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  81


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЦИРКТЕГI ОЙ

Алабажақ аренада жылпос қолды жонглер
Шар тастарды қақпақылдап ойнайды.
Бiр шар кенет түсiп кеттi қолынан...
Күлдiк бiздер,
Күлу үшiн келдiк қой.
Алабажақ кеңiстiкте уақыт деген жонглер
Планеталарды қақпақылдап ойнайды.
Бiр шар түсiп кетпес пе екен қолынан?..
Күлемiз-ау,
Күлiп болған жоқпыз ба?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу