Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  70


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Жадыраған жаз жөнелiп, күз келдi

Жадыраған жаз жөнелiп, күз келдi,
Жапырақты жел жұлып жүр мұз демдi.
Жастық шақты қоямыз ба iздеудi,
Жақсы күндер оралар ма бiзге ендi?
Ендi бiздi шақырар ма бақшалар,
Тулай ма ендi жүрек дейтiн пәтшағар?
Сүйемiн деп сыбырлар ма жапырақ,
Күйемiн деп күбiрлер ме ақ самал?
Алыстады қызыл-жасыл көш-керуен,
Қалыспады хош деуменен жас дәурен,
Тәттiге бiр тоймай қалған баладай
Әлi, бiрақ махаббатқа аш кеудем.
Ғайып болды жүректегi нұрлы жыр,
Ғайып болды шұғылалы, гүлдi қыр.
Дүниеге қос қайтара келмесе
Ғашық жанға жетпейдi екен бiр ғұмыр.
Күстаналап, кiнәламан ешкiмдi,
Көнбiс жүрек өз кiнәсiн кеш бiлдi.
Көз алдыңа келтiргенмен жер-көктi,
Көңiл сырын көрсете алмас еш дүрбi.
Бұл-бұл ұшып ғайып болды таңдайдан.
Құдайда да қол бар шығар,
бар шығар
Тым болмаса бiр сипайтын маңдайдан?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу