Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  68


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЖАРЛЫ ТIЛ

Көркiңдi сенiң ашуға
тiлiм жетпейдi,
Өртiңдi сенiң басуға
бiлiм жетпейдi.
Қоңырауыңды
қағуға қолым бармайды,
Омырауыңды
ойнатып дiрiлдет, мейлi.
Қиылып маған қарадың
бүйiрдегi оттай,
Бұйығып барам, қарағым,
сүюге батпай.
Тайқарға мiнген құрдасым
үйiнде жатпай,
«Байталда нең бар, деп жүрер,
үйiрдегi аттай».
Ақ мәрмар қыздың балтыры
қарды тiледi,
Алдаспан көздiң жарқылы
жанды тiледi.
Көзел қыз көзiн сүзгенде
қырқылып қалар
Бiздiң тiл өзi не қылған
жарлы тiл едi?!.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу