Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  88


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ҚЫСҚЫ БАҚ

Қар басып қапты жалаңаш қыздың мүсiнiн,
Қарадай жаны ауырар көрген кiсiнiң.
Қабағын, қасын қыраумен қаптап қойыпты,
Қаһарын қара казақтың қатал қысының.
Қар басып қапты жалаңаш қыздың мүсiнiн.
Қымтанып қыстан құнысуы анау Талғардың,
Қақайып қатып бүрiсуi анау талдардың.
Қар басқан бақта қалтырап тоңып тұрғандай
Жаны бар ма едi қаршадай мынау қарғамның?
Қар басып қапты жалаңаш қыздың мүсiнiн.
Қыстан да бетер қатыгез бе едiң, мүсiншi,
Қалқамның мынау қамырық халiн түсiншi.
Құдiретiңе құл болып мәңгi кетейiн,
Қаршадай қызды (үйiне барсын) түсiршi,
Қар басып қапты қаршадай қыздың мүсiнiн.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу