Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  75


Автор: Жанат Әскербекқызы

Көмейінен көмескі үн шығарып...

Көмейінен көмескі үн шығарып,
Көңіліме қалды ғой мұң шыланып.
Мыстан-тірлік мазактап сақ-сақ күлді,
Жүрегімді аяусыз қыршып алып.
Сойып түсті сояу тіс, қансырадым,
Үрей келіп үрледі жан-шырағын.
Қанталаған қып-қызыл күн көзінен
Түйір-түйір қан болып тамшыладым.
Түйір тамшы түйір гүл боп іркілді,
Дарытпады бойына жебір түнді.
Үлбіреген қызғылтым желегінде
Діріл қағып, бейшара өмір тұрды.
Ожар өлім арбайды, өр-өмірді,
Өр-өмірің паналар желегімді.
Сұмдық көп қой. Сұмдықтан көк күрсініп,
Қасіреттен қарайып, жер егілді....




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу