Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  107


Автор: Ұлықбек Есдәулет

Күн өрмегі

Шомылдырып бұлттарды шұғылаға,
Күн еңкейiп барады құбылаға.
Батқан күн мен атқан оқ қайырылмасын,
Қанағатсыз қу көңiл ұғына ма?
Келедi де кетедi осылай күн,
Өтерiнен өмiрдiң шошымаймын.
Қысқа жiптiң күрмеуге келмесiне
Көзiм жеткен
Тағдырдан не сұраймын?!
Өмiр басын иедi өрлеп барып,
Жолығар жұрт бұлаққа шөлдеп талып.
Кәусарына бiреулер тамсанады,
Таңдайында бiреудiң кермек қалып.
Татқандаймын кәусарын,
Кермегiн де,
Не жетпейдi ендеше өр көңiлге?
Құбылада – Алтын Күн – өрмекшi тұр,
Алтын торлы өзiнiң өрмегiнде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу