Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  44


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ШАЛ МЕН ЖАЗ

Терезе нұрға боялды,
Таң келе ме сiбiрлеп?
Құс ұйқы қарт оянды,
Шүкiрлiгiн күбiрлеп.
Айтты сосын: «Қарағым,
Жата берме, жұрт күлер.
Шығын кешшi даланың,
Шықарға шық, сыртты көр».
Тәттi ұйқыда немере,
Ашар емес көзiн де.
Сырт қызығы не керек,
Өз қызығы өзiнде.
Күркiлдедi шал әрең
Күнестеп күн көзiнде.
Естiмедi оны әлем
Өз шуылы өзiнде.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу