Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  71


Автор: Ербол Бейілхан

СЕН, ЖЫЛАМАШЫ, АСПАНЫМ!..

Ақпаным,
енді қашан атар екен ақ таңым?
Оралмайтын кездерім мен шақтарым.
Ақ боз ат мініп сапарға шыққан сәтімде,
Аңшы - өмір құрмаса екен қақпанын!..
Ақпаным,
сен мезгілсіз жыламашы, Аспаным!
Таулар мүлгіп, сыр бүгіп жатыр тастарым.
Мәңгіліктерге мәнсіз ғұмырды ұқтырып,
Ғапылда-ғапыл, дүние өтер қас-қағым!
Ақпаным,
Аппақ - сезім, ақ дауылым, Асқағым,-
ерке күндерім, ерте бермеші ақ сағым.
Кейде мені оятады тастағы үн,
Әлемді мына -
Шексізде, шетсіз деуші едім,
Әлем дегенін: бір нүкте екен шап-шағын.
Сен, жыламашы, Аспаным!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу