Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  94


Автор: Ербол Бейілхан

ИТ ӨМІРДІҢ СЫРТ БЕЙНЕСІ СҰЛУ-АҚ!..

Арғымық – уақыт, ер-тұрманы сайлаулы,
Тоғыз қабат үзеңгіде аяғым.
Заман – желі, ғұмыр – құлын байлаулы,
Жылқы – мінез, еске түспе баяғым?!..
Көңіл – дөнен қарамайды ой-қырға,
Асау жылдар ауыздықпен алысып.
...Өмір – теңіз , пенде – қайық айдында,
Сағым сәттер бара жатыр жарысып.
Күн – сәуірік, айғыр – Айға таланған,
Жылқышымыз қуалаған құрық ап...
Кербестідей құйрық-жалы таралған,
Ит өмірдің сырт бейнесі сұлу-ақ!..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу