Өлеңдер ✍️

  31.08.2022
  156


Автор: Жанат Әскербекқызы

Алдамшы өмір, құрғыр ма ең...

Алдамшы өмір, құрғыр ма ең,
Құрығыр дүние, бұлдыр ма ен?!
Нәлет айттым мың күнге
Көңілім қалып бір күннен.


Түн керексіп тәнімді,
Тұмшалады таңымды.
Тойымсыз сұм кекірер,
Сорып, сорып нәрімді.
Өмір – жалған, алдамшы,
Ер опасыз, жалғаншы.
Сең кешкендей сезімім,
Сеніміме алданшы!
Көзімді алдап көлгірлік,
Көсемсимін мен мұңлық.
Арсыздықты айтақтап,
Абыройды жер қылдық.
Дүние шіркін кезек-ті,
Алтын өзін жез етті.
Ішкен суым сор татып,
Тіліп кетті өзекті.
Күн көзінде тамшымын,
Тұз боп кеуіп қаңсыдым.
Көмейіме құйылсай
Ханым ішер бал-шырын.
Жасық болса жақсы да ез,
Тәнін бүркер тапшы бөз!
Тыржалаңаш өмірді
Тіміскілер нәпсі-көз.
Түннен қарар сөгіп Ай,
Жазғырады ол мені ұдай.
Өксіп-өксіп алдым да,
Күрсіндім кеп. . . Өмір-ай!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу